Ақтөбе қаласы «48 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-де 7-11 сынып оқушыларына мектеп психологы Б.Қ. Мырзаханова «Буллингтен қорған» тақырыбында психологиялық профилактика жұмысын өткізді.
Профилактика сағатында оқушыларға буллинг және кибербуллинг ұғымдары, олардың түрлері мен қорғану әдіс-тәсілдері туралы түсінік берілді.








