2025 жылдың 23 сәуірі күні «№48 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-де №2 Білім беру округінің бекітілген жоспарына сәйкес «Білім алушылардың жобалау-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар мақсаты қатысушыларды дарынды, қабілетті оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда ғылыми және практикалық тәсілді ұйымдастыру, жобалау негіздерімен таныстыруға бағытталды.
Семинарды мектеп директоры Абуова Карлыга Когабаевна ашып, мектеп психологы Мырзаханова Б.Қ тренинг өткізді. Жобалау технологиясы ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдіснамалық негіздері мен әдістерін тарих пәні мұғалімі Садық.И.Ә және математика пәні мұғалімі Тұрсынғалиева П.Қ таныстырып, биология пәні мұғалімі Исегалиева Г.С «Жаратылыстану пәндерінде зерттеу-жобалау жұмыстарының өзектілігі», қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Колбаева А.А «Яссауи мұрасындағы құндылықтар мәселесінің зерттелуі», информатика пәні мұғалімі Сағын Н.Н «Информатика пәніндегі ЖИ-тің білім берудегі тиімділігі», бастауыш сынып мұғалімі Шанық А.Р. «Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік қабілетін дамыту» тақырыптарындағы жобалау жұмыстарын, бастауыш сынып мұғалімдері Калманова Ж.Е., Есмұханова Т.Д, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байсеуова М.У мұғалімдермен зерттеушілік және жобалық іс — әрекеттерге арналған тапсырмалармен жұмыс жүргізді. Семинар соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс берді. Семинар өз деңгейінде өтті.







