Шарлау мәзірі

Біздің телефон

15 мамыр күні әдістемелік жоспар негізінде «Бастауыш және орта буын арасындағы сабақтастық бойынша 4-класс оқушыларының білім сапасының және педагогикалық-психологиялық диагностикасының қорытындысы» тақырыбында педагогикалық консилиум өтті. Педагогикалық консилиумда пән мұғалімдері бастауыш сынып пен орта буын арасындағы сабақтастықты жүзеге асыру мақсатында негізгі пәндерден алынған бақылау жұмыстарына және оқушылардың білім сапасына салыстырмалы талдау жасады. Мектеп психологы оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен интеллектуалды қабілеттеріне жүргізілген педагогикалық -психологиялық зерттеу қорытындысымен таныстырды. Класс жетекші Ж.Е.Калманова оқушыларға мінездеме беріп, жүргізілген жұмыстарға анықтама берді. Мектеп директоры К.К.Абуова педагогикалық консилиумды қорытындылап, оқушылардың білім сапасын арттыруда, ұстаздарға сенім білдіретінін жеткізді.

Секция 2

Абуова Карлыга Когабаевна

Директор